Деректерді тасымалдау
Мicro-USB ұясының қақпағын (3) ашыңыз. Өлшеу құралының Мicro-USB ұясын (4) жинақтағы Мicro-USB кабелі (24) арқылы компьютерге қосыңыз.
Енді өлшеу құралын қосу/өшіру түймесі (9) арқылы қосыңыз.
Компьютеріңізде файл браузерін ашып, диск жетегін GTC_400C таңдаңыз. Сақталған файлдарды өлшеу құралының ішкі жадынан көшіруге, компьютеріңізге жылжытуға немесе жоюға болады.
Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін әдеттегідей компьютерден ажыратып, содан кейін өлшеу құралын қосу/өшіру түймесі (9) арқылы қайтадан өшіріңіз.
Назар аударыңыз: әрдайым алдымен диск жетегін операциялық жүйеңізден шығарыңыз (диск жетегін шығару), әйтпесе өлшеу құралының ішкі жады зақымдалуы мүмкін.
Мicro-USB кабелін өлшеу әрекетінің барысында шығарыңыз және қақпақты (3) жауып қойыңыз.
Корпусқа шаң немесе шашыранды су кірмеуі үшін, USB интерфейсінің қақпағын әрдайым жабық ұстаңыз.
Нұсқау: өлшеу құралын USB арқылы компьютермен байланыстырыңыз. Басқа құрылғыларға жалғаған жағдайда, өлшеу құралы зақымдалуы мүмкін.
Сақталған термограммаларды Windows операциялық жүйесі орнатылған компьютеріңізде қосымша өңдеуге болады. Ол үшін www.bosch-professional.com/thermal мекенжайы бойынша өлшеу құралының өнім бетінде GTC Transfer Software бағдарламалық жасақтамасын жүктеп алыңыз.
Өлшеу құралы сақталған кескіндерді өлшеу құралынан ақырғы мобильді құрылғыға сымсыз тасымалдауға мүмкіндік беретін Wi‑Fi® интерфейсімен жабдықталған.
Пайдалану үшін арнайы Bosch қолданбалары орнатылады. Оларды ақырғы құрылғыға байланысты тиісті дүкендерден жүктеп алуға болады:
Bosch қолданбалары пайдаланушыға (кескіндерді сымсыз тасымалдауға қоса) кеңейтілген функциялар көлемін қамтамасыз етеді және өлшеу деректерінің қайта өңделуін немесе ары қарай жіберілуін (мысалы, эл. пошта арқылы) жеңілдетеді. Wi‑Fi® байланысы үшін қажет болатын жүйелік алғышарттар туралы ақпаратты www.bosch-professional.com/thermal мекенжайы бойынша Bosch веб-сайтынан қараңыз.
Wi‑Fi® байланысын өлшеу құралында іске қосу/ажырату үшін бас мәзірді шақырып, таңдауға арналған түймелердің <WiFi> көмегімен шарлаңыз және байланысты іске қосыңыз/ажыратыңыз. Wi‑Fi® іске қосылғанда, дисплейде (d) индикаторы пайда болады. Ақырғы мобильді құрылғыда Wi‑Fi® интерфейсінің іске қосылуын қамтамасыз етіңіз.
Bosch қолданбасы іске қосылғаннан кейін, ақырғы мобильді құрылғы мен өлшеу құралының арасында (Wi-Fi® модулі белсенді болғанда) байланыс орнатылуы мүмкін. Бұл ретте қолданбаның нұсқауларын орындаңыз.