Өлшеу функциялары
Қарап шығу кезінде көмектесе алатын басқа функцияларды шақыру үшін Func түймесін (6) басыңыз. Көрсетілген опциялардың ішінде сол (12) немесе оң (8) жақ көрсеткі түймесі арқылы шарлап, функцияны таңдаңыз. Функцияны таңдап, Func түймесін (6) қайтадан басыңыз.
Төмендегі өлшеу функциялары қолжетімді:
- <Автоматты>
Термограммадағы түстердің үлестірілуі автоматты түрде жүзеге асады.
- <Жылу іздеуіш>
Осы өлшеу функциясында өлшемдер диапазонындағы жылырақ температуралар ғана термограмма ретінде көрсетіледі. Осы жылырақ температуралардан тыс диапазон сұр реңктерде шынайы кескін ретінде көрсетіледі. Сұр реңктерде көрсетілім түрлі-түсті нысандардың қателікпен температуралармен байланысқа түсуіне жол бермейді (мысалы, қатты қызған құрылыс элементтерін іздеген кездегі үлестіргіш шкафтағы қызыл түсті кабель). Шкаланы жоғары қаратылған (5) және төмен қаратылған (10) көрсеткі түймелерінің көмегімен бейімдеңіз. Көрсетілген температуралар диапазоны термограмма ретінде кеңейтіледі немесе азайтылады. Өлшеу құралы минималды мен максималды температураларды ары қарай өлшейді және оларды шкаланың (g) соңында көрсетеді.
- <Салқын іздеуіш>
Осы өлшеу функциясында өлшемдер диапазонындағы суығырақ температуралар ғана термограмма ретінде көрсетіледі. Осы суығырақ температуралардан тыс диапазон, түрлі-түсті нысандар қателікпен температуралармен байланысқа түспеуі үшін (мысалы, ақаулы оқшаулағышты іздеген кездегі көк түсті терезе жақтауы), сұр реңктердегі шынайы кескін ретінде көрсетіледі. Шкаланы жоғары қаратылған (5) және төмен қаратылған (10) көрсеткі түймелерінің көмегімен бейімдеңіз. Көрсетілген температуралар диапазоны термограмма ретінде кеңейтіледі немесе азайтылады. Өлшеу құралы минималды мен максималды температураларды ары қарай өлшейді және оларды шкаланың (g) соңында көрсетеді.
- <Қолмен>
Егер қатты өзгешеленетін температуралар термограммада өлшенген болса (мысалы, жылылық көпірлерін іздеген кездегі ыстық нысан ретіндегі радиатор), қолжетімді түстер максималды мен минималды температуралардың арасындағы диапазондағы температура мәндерінің үлкен санына үлестіріледі. Бұл дәл температура айырмашылықтарының бұдан былай егжей-тегжейлі көрсетілмеуіне әкелуі мүмкін. Ізделетін температуралар диапазонының егжей-тегжейлі көрсетіліміне қол жеткізу үшін келесідей әрекет етіңіз: <Қолмен> режиміне ауысқаннан кейін максималды немесе минималды температураны реттеуге болады. Осылайша өзіңізге релевантты және айырмашылықтарды дәлдеп анықтағыңыз келетін температуралар диапазонын белгілеп қоюыңызға болады. Реттеу <Шкаланы қайтару> шкаланы автоматты түрде инфрақызыл датчиктің көру өрісіндегі өлшенетін мәндерге қайтадан бейімдейді.