Айна, магнит немесе ілгекті орнату (E суретін қараңыз)
Айнаны (25), магнитті (23) және ілгекті (24) көмекші құрал ретінде камера бастиегіне (14) монтаждауға болады.
3 көмекші құралдың бірін, суретте көрсетілгендей, камера бастиегіндегі (14) ойыққа тірелгенше енгізіңіз.
Нұсқау: магнит (23) және ілгек (24) тек бос тұрған, кіші және жеңіл заттарды жылжыту немесе алып тастау үшін жарамды. Тарту күші тым қатты болғанда, тексеру камерасы немесе көмекші құрал зақымдалуы мүмкін.