Қуатпен жабдықтау

Тексеру камерасы стандартты батареялармен немесе Bosch литий-иондық аккумуляторымен жұмыс істейді.

Батарея адаптерімен пайдалану (A суретін қараңыз)

Батареялар батарея адаптеріне салынады.

Батареяларды енгізу үшін батарея адаптерінің қабын (26) науаға (28) кіргізіңіз. Батареяларды суретте көрсетілгендей қаптағы жапқышқа (27) салыңыз. Жапқышты, ол сезілетіндей тіреліп, тексеру камерасының тұтқасымен жанасқанша, қап үстіне жылжытыңыз.

Батареяларды шығару үшін жапқыштың (27) босату түймелерін (18) басып, жапқышты тартып шығарыңыз. Ішінде жатқан қапты (26) науадан (28) тартып шығарыңыз.

Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.

Аккумулятормен пайдалану (B суретін қараңыз)

Нұсқау: Тексеру камераңызға арналмаған аккумуляторларды пайдалану тексеру камерасының ақаулығына немесе зақымдалуына әкелуі мүмкін.

Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін, оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.

Зарядталған аккумуляторды (17) енгізу үшін оны, ол сезілетіндей тіреліп, тексеру камерасының тұтқасымен жанасқанша, науаға (28) кіргізіңіз.

Аккумуляторды (17) шығару үшін босату түймелерін (18) басып, аккумуляторды науадан (28) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.