Тасымалдау (Z суретін қараңыз)
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі қадамдарды орындау керек:
- Бекіткіш бұранда (36) тартылған болса, оны босатыңыз. Манипуляторды толық алға тарта отырып, бекіткіш бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз.
- Тереңдік тіреуішінің (35) толығымен ішке басылуын және дәлдеу бұрандасы (4) манипуляторды жылжытуда тереңдік тіреуішіне тимей тесікке кіруін қамтамасыз етіңіз.
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық керек-жарақтарды алып тастаңыз. Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз.
- Электр құралын тасымалдау тұтқасынан (3) ұстап тасыңыз немесе аралау үстелінің бүйіріндегі ұстау ойықтарынан (29) ұстаңыз.
- Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз.