Лазерді реттеу

Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын ток көзіне жалғау керек.

  • Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
  • Манипуляторды тұтқамен (9) төмен қарай баяу бағыттаңыз.
  • Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
  • Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
  • Дайындаманы қысып қойыңыз.
  • Лазер сәулелерін лазерді/жұмыс шамын қосу/өшіру түймесінің (54) көмегімен қосыңыз.

Лазер сәулелері, манипулятор төмен бағытталса да, кесік сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде орналасуы керек.

  • Лазер қорғаныш қалпақшаның (10) екі бұрандасын (67) алты қырлы дөңбек кілтпен (44) босатыңыз.

1. Оң жақ лазер сәулесін реттеу:

  • Оң жақ реттегіш бұранданы (68) алты қырлы дөңбек кілтпен (44) оң жақ лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша сызылған кесік сызығына параллель болғанша бұраңыз.
    Сонда сол жақ лазер сәулесі да жылжиды.

Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.

2. Сол жақ лазер сәулесін реттеу:

  • Сол жақ реттегіш бұранданы (68) алты қырлы дөңбек кілтпен ((44) сол жақ лазер сәулесі дайындамадағы сызылған кесік сызығынан оң жақ лазер сәулесімен бірдей аралықта болғанша бұраңыз.

Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.