Жұмыс істеуге дайындау
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (13) көмегімен солға немесе оңға үлкейту мүмкін.
- Қысу тұтқышын (17) жоғарыға қайырыңыз.
- Қосымша аралау үстелін (13) керекті ұзындыққа шейін сыртқа тартыңыз.
- Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысу тұтқышын (17) қайта төменге басыңыз.
Көлденең және/немесе тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек.
Тік еңіс бұрышы |
Көлденең еңіс бұрышы | |
---|---|---|
0°–47° |
≤ 44° |
|
0°–47° | ≥ 45° |
|
0°–47° | ≤ 44° |
|
0°–47° | ≥ 45° |
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз.
- Дайындаманы (15) және (14) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
- Жинақтағы бұрандалы қысқышты (28) арнайы саңылауларға (35) енгізіңіз.
- Бұрандалы қысқыштың бұрандалы өзегін (52) дайындама биіктігіне бейімдеңіз.
- Бұрандалы өзекті (52) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.