Пайдалану нұсқаулары

Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді. Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға болады.

  • Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (40) қосыңыз.
  • Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ жиегіне бағыттаңыз.

Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы мүмкін.

Максималдық дайындамалар:

Горизонтальды еңіс бұрышы

Вертикальды еңіс бұрышы

Биіктігі x Ені [мм]

70 x 312

45° (оңда/солда)

70 x 225

45° (солда)

45 x 312

45° (оңда)

20 x 312

45°

45° (солда)

45 x 225

45°

45° (оңда)

20 x 225

45° (оңда/солда)

45° (SDS болттарымен солда)

30 x 225

Минималдық дайындамалар (= барлық дайындамалар, оларды жинақтағы қысқашпен (28) ара полотносынан оң немесе сол жақта қысуға болады): 100 x 40 мм (Ұзындығы x Ені)

макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 70 мм

Егер ойықты аралау керек болса тереңдік тіреуішін жылжыту керек.

  • Тереңдік тіреуішін (32) сыртқа қайырыңыз.
  • Манипуляторды қол тұтқасынан (9) керекті күйіне қисайтыңыз.
  • Дәлдеу бұрандасын (4) бұранда ұшы тереңдік тіреуішіне (32) тигенше бұраңыз.
  • Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.

Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін ұзындық шектегішін (36) (керек-жарақ) пайдалануға болады.

Ұзындық шектегішін аралау үстелі ұзартқышының (13) екі жағында да орнатуға болады.

  • Бұғаттау бұрандасын (53) босатып, ұзындық шектегішін (36) қысқыш бұранда (54) үстінен қайырыңыз.
  • Бұғаттау бұрандасын (53) қайта бұрап қойыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (13) қажетті ұзындыққа реттеңіз.

Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде, оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің арасында бос орын пайда болмауы тиіс.

Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.

Қызыл түсті ішпектер (19) электр құралын ұзақ пайдаланғаннан кейін тозуы мүмкін.

Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Бұрандаларды (55) алты қырлы дөңбек кілтпен ( мм) (34) бұрап шығарып, ескі ішпектерді алып тастаңыз.
  • Жаңа оң жақ ішпекті салыңыз.
  • Ішпекті бұрандалармен (55) мүмкіндігінше ең оң жағына бұрап қойыңыз да, ара дискісі ықтимал тарту қозғалысының бүкіл ұзындығында ішпекке тимеуі керек.
  • Жұмыс қадамдарын жаңа сол жақ ішпек үшін дәл осылай қайталаңыз.