Тік еңіс бұрышын реттеу
Толық тік еңіс бұрышының аймағын реттеу (J суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ) аралығында реттеуге болады.
-
(44) тірегін толығымен алға тартыңыз.
Осылайша еңіс бұрышының аймағы толығымен (сол және оң жақ) пайдаланылуы мүмкін. - Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) толығымен сыртқа тартыңыз немесе толықтай алып тастаңыз.
Егер толық еңіс бұрышының аймағын пайдаланбақшы болсаңыз, сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) да толығымен сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау қажет болады. - Қыспа иінтіректі (41) босатыңыз.
- Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, (42) немесе (31) бұрыш индикаторы қалаулы тік еңіс бұрышын көрсеткенше, солға немесе оңға қайырыңыз.
- Қыспа иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тік стандартты еңіс бұрышын реттеу (K суретін қараңыз)
Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін 0°, 45°, 22,5° және 33,9° бұрыштарына арналған тіректер қолданылады.
- 0° стандартты еңіс бұрышы:
Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, аздап солға қайырып, тіректі (44) толығымен артқа жылжытыңыз.
45°, 33,9° және 22,5° стандартты еңіс бұрышы:
Сол немесе оң жақ тіректі (29) қалаулы стандартты тік еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.