Көлденең еңіс бұрышын реттеу
- Тік көлбеу кесіктер жасаған және SDS болтын (50) пайдаланған кезде аралау алдында тереңдік шектегішін (32) тиісінше реттеу арқылы SDS болтының дайындама бетіне қысқа уақыт жанаса алатындығына көз жеткізу керек. Бұл SDS болтының және/немесе дайындаманың зақымдалуына жол бермейді.
45° шамасынан артық көлденең еңіс бұрышын реттеу бойынша нұсқау:
Еңіс бұрышын реттеуден бұрын аралау үстелінің ұзартқышын (13) және жылжымалы тіреуіш планканы (15) толықтай сыртқа тартыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (25) бар:
сол жақ | оң жақ |
---|---|
0° | |
45°; 31,6°; 22,5°; 15° | 15°; 22,5°; 31,6°; 45°; 60° |
- Бекіту басы (21) тартылған болса оны босатыңыз.
- Тұтқышты (22) тартып аралау үстелін (16) керекті ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
- Тұтқышты жіберіңіз. Тұтқыш сезімді ретте ойыққа кіруі керек.
- Бекіту басын (21) қайта тартыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын 52° (сол жақ) және 60° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
- Бекіткіш тетік (21) тартылған болса, оны босатыңыз.
- (22) тұтқышын тартып бір уақытта бұғаттау қапсырмасын (20) оған арналған ойыққа тірелгенше басыңыз. Осылай аралау үстелі бос жылжытылады.
- Аралау үстелін (16) бұрыш индикаторы (24) қажетті еңіс бұрышын көрсеткенше бекіту бастиегінен солға немесе оңға бұраңыз.
- Бекіткіш тетікті (21) қайтадан тартыңыз.
- Иінтіректі (22) қайтадан босату үшін (көлденең стандартты еңіс бұрыштарын реттеу үшін) иінтіректі жоғары қарай тартыңыз.
Бұғаттау қысқышы (20) бастапқы күйіне оралып тұтқыш (22) ойықтарына (25) қайта түсуі мүмкін.