Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Ара дискісінің 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын реттеңіз.

Тексеру (I1 суретін қараңыз)

  • Бір бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны аралау үстеліне (4) қойыңыз.

Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығымен ара дискісінде (28) жатуы керек.

Реттеу (I2 суретін қараңыз)

  • Бұранданы (64) босатыңыз. Осылайша 0° тіректі (24) жылжытуға болады.
  • Бекіткіш иінтіректі (16) босатыңыз.
  • Сермерді (18) бұрыштық калибрдің иіні ара дискісімен бүкіл ұзыдығы бойынша бірге тұрғанша 0° тірекке қарай жылжытыңыз.
  • Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі (16) қайтадан бекітіңіз.
  • Бұранданы (64) қайтадан бұрап бекітіңіз.

Егер бұрыш индикаторы (59) реттегеннен кейін шкаланың (23) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (65) стандартты крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.

Жоғарыдағы жұмыс қадамдарын 45° шамасындағы тік еңіс бұрышы үшін сәйкесінше қайталаңыз (бұранданы (66) босату; 45° тіректі (22) жылжыту). Бұл ретте бұрыш индикаторын (59) қайтадан реттеу мүмкін емес.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.

Тексеру

  • Қарындашпен үстел ендірмесі арқылы артта көрінетін бірінші сол жақ ара тісін белгілеңіз.
  • Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны бағыттауыш ойықтың (5) шетіне қойыңыз.
  • Бұрыштық калибр иінін белгіленген ара тісіне тигенше жылжытыңыз да, ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын оқып алыңыз.
  • Ара дискісін белгіленген тіс үстел ендірмесінің алдында тұрғанша бұраңыз.
  • Бұрыштық калибрді бағыттауыш ойық бойымен белгіленген ара тісіне дейін жылжытыңыз.
  • Ара дискісі мен бағыттауыш ойық арақашықтығын өлшеңіз.

Өлшенген арақашықтықтардың екеуі де бірдей болуы тиіс.

Реттеу

  • Аралау үстелінің алдыңғы жағындағы алты қырлы дөңбек бұрандаларды (67) және аралау үстелінің артқы жағындағы алты қырлы дөңбек бұрандаларды (68) алты қырлы дөңбек кілтпен босатыңыз.
  • Ара дискісін бағыттауыш ойықпен (5) параллель тұрғанша мұқият жылжытыңыз.
  • Барлық (67) және (68) бұрандаларын қайтадан мықтап тартыңыз.

  • Параллель тіректі ара дискісінің оң жағында орналастырыңыз.
    Параллель тіректі лупадағы (62) белгі астыңғы шкалада 28 см көрсеткенше жылжытыңыз.
    Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (43) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
  • Қысқыш тұтқаны (20) толығымен жоғары қарай тартып, аралау үстелінің кеңейтімін (10) тірелгенше сыртқа қарай тартыңыз.

Тексеру

Арақашықтық индикаторы (63) шкалада (2) шкаладағы (1) лупадағы (62) белгімен бірдей мәнді көрсетуі тиіс.

Реттеу

  • Аралау үстелінің кеңейтімін (10) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
  • Бұранданы (69) крест ойықты бұрауышпен босатып, арақашықтық индикаторын (63) жоғарғы шкаланың (1) 28 cм белгісінің бойымен туралаңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Кері соққы құлпын (7) алып тастап, қорғаныш қаптаманы (6) артқа қайырыңыз.
  • Параллель тіректің қысқыш тұтқасын (43) босатып, ара дискісіне тигенше жылжытыңыз.

Тексеру

Параллель тірек (9) ара дискісіне бүкіл ұзындығы бойынша тиіп тұруы керек.

Реттеу

  • Алты қырлы дөңбек бұрандаларды (70) алты қырлы дөңбек кілттің көмегімен босатыңыз.
  • Параллель тіректі (9) бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісіне тигенше мұқият жылжытыңыз.
  • Параллель тіректі осы күйде ұстап тұрып, қысқыш тұтқаны (43) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
  • Алты қырлы дөңбек бұрандаларды (70) қайтадан мықтап тартыңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Кері соққы құлпын (7) алып тастап, қорғаныш қаптаманы (6) артқа қайырыңыз.
  • Параллель тіректі (9) ара дискісіне тигенше оң жақтан жылжытыңыз.

Тексеру

Лупаның (62) белгісі шкаланың (1) 0 мм белгісімен бір сызықта болуы керек.

Реттеу

  • Бұранданы (71) жеткізілім жиынтығындағы крест ойықты бұрауышпен босатып, белгіні 0 мм белгісімен туралаңыз.