Ара дискісінің тасымалдау және жұмыс күйі
Тасымалдау күйі
- Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастап, үстел ендірмесін (8) алып тастаңыз және сынаны (27) ең төменгі күйге орналастырыңыз. Үстел ендірмесін (8) қайтадан орнатыңыз.
- Қос иінді (17) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісінің (28) тістері аралау үстелінің (4) астында тұрғанша бұраңыз.
- Аралау үстелінің кеңейтімін (10) толығымен ішке қарай жылжытыңыз.
Қысқыш тұтқаны (20) төмен қарай итеріңіз. Сонда аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Жұмыс күйі
- Сынаны (27) ара дискісі ортасының тура үстінен ең жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін (8) орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (6) монтаждаңыз.
- Қос иінді (17) ара дискісінің (28) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-ге жоғары болғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз.