Ара дискісін алмастыру (k1−k4 суреттерін қараңыз)
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
- Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
- Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
- Осы электр құралының өндірушісі ұсынған және өңдегіңіз келетін материал үшін жарамды ара дискілерін ғана пайдаланыңыз. Осылайша ара тістері ұштарының қатты қызуына және өңделетін пластмассаның балқуына жол бермейсіз.
- Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін.
Ара дискісін алып тастау
- Қос иінді (17) сағат тілінің бағытына қарсы, ара дискісі (28) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп, тірелгенше бұраңыз.
- Қорғаныш қаптаманы (6) артқа қайырыңыз.
- Үстел ендірмесін (8) ұстағыш саңылауынан (54) көтеріп алыңыз да, оны құрал саңылауынан шығарыңыз.
- Алты қырлы бұранданы (56) шеңберлік кілтпен (35) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз, бұл ретте жамылғыш кілтпен (36) қысқыш фланецті (55) қарсы ұстап тұрыңыз.
- Салмалы шайбаны (57) және қысқыш фланецті (55) алып тастаңыз.
- Ара дискісін (28) алып тастаңыз.
Ара дискісін орнату
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.
- Жаңа ара дискісін құрал шпинделінің қысқыш фланеціне (58) орнатыңыз.
Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.
- Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) қорғаныш қаптамадағы көрсеткі бағытына сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз!
- Қысқыш фланецті (55), салмалы шайбаны (57) және алты қырлы бұранданы (56) орнатыңыз.
- Алты қырлы бұранданы (56) шеңберлік кілтпен (35) сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз, бұл ретте жамылғыш кілтпен (36) қысқыш фланецті қарсы ұстап тұрыңыз.
- Үстел ендірмесін (8) қайтадан орнатыңыз.
- Қорғаныш қаптаманы (6) алға қайырыңыз.