Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
- Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Алюминийді аралау кезінде өрт қаупінің алдын алу үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды босатып, жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды босату (i суретін қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығарып алу үшін астыңғы ара дискісінің қаптамасын (52) ашуға болады.
- Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
- Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
- Бекіткіш бұрандаларды (53) босатып, астыңғы ара дискісінің қаптамасын (52) ашыңыз.
- Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарып алыңыз.
- Астыңғы ара дискісінің қаптамасын жауып, қайтадан бұрап бекітіңіз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Сыртқы сорғыш (j суретін қараңыз)
- Жарамды шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (34) салыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.