Жеткізілім жиынтығы
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
- Ара дискісі (28) орнатылған үстелдік дискілі ара
- "Электр құралы" бекіткіш жинағы (39) (8 бекіткіш бұранда, 8 салмалы шайба)
- Түпқойма (14)
- "Түпқойма" бекіткіш жинағы (37) (16 бекіткіш бұранда, 16 салмалы шайба, 16 сақтандырғыш сақина, 16 гайка)
- Аударылудан қорғаныс (13)
- "Аударылудан қорғаныс" бекіткіш жинағы (38) (4 бекіткіш бұранда, 8 салмалы шайба, 4 сақтандырғыш сақина, 4 гайка)
- Бұрыштық тірек (3)
- Профильдік тіреуіш (50)
- "Профильдік тіреуіш" қатпарлы гайкасы (51)
- Параллель тірек (9)
- Қосымша параллель тірек (47)
- "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (48) (2 бекіткіш бұранда, 2 қатпарлы гайка)
- Монтаждалған қорғаныш қаптамасы (6) бар сына (27)
- Кері соққы құлпы (7)
- Шеңберлік кілт (35)
- Жамылғыш кілт/айыр тәрізді кілт (36)
- Жылжыту таяғы (15)
- Үстел ендірмесі (8)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін және қысылмағанын немесе бөліктердің зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.