Ажарлауыш құралдарын орнату
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
- Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (22) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (3) басып, шпиндельді бекітіңіз.
- Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Диаметрі 125 мм ажарлағыш/кескіш диск
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін жылдам қысқыш гайканы (20) басқа құралсыз пайдаланыңыз.
Жылдам қысқыш гайканы (20) тек макисмалды диаметрі 125 мм құрайтын ажарлағыш/кескіш дискілер үшін пайдаланыңыз.
- Тез тартқыш сомынды (20)тек ажарлау немесе кесу дискісімен пайдалануға болады.
- Бұзылмаған мінсіз жылдам тартқыш сомынды пайдаланыңыз (20).
- Бұрап қоюда жылдам тартқыш сомынының жазылған жағы (20) ажарлау дискісіне көрсетпеуіне көз жеткізіңіз; бағыттама индекстік белгіге көрсетуі тиіс суретін қараңыз.
- Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін тек қана жинақтағы жылдам қысу сомынын пайдаланыңыз (20).
Ажарлау шпинделін бекіту үшін шпиндельді бұғаттау түймесін (3) басыңыз. Жылдам қысқыш гайканы (20) бекіту үшін жылдам қысқыш гайканың қапсырмасын жоғары қайырып, жылдам қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен күштеп бұраңыз. Содан кейін жылдам қысқыш гайканы бекіту үшін қапсырманы төмен қайырыңыз. Диск жиегінен тарту жеткілікті емес.
Тиісінше бекітілген, зақымдалмаған жылдам қысқыш гайканы (20) қолмен босатуға болады. Ол үшін жылдам қысқыш гайканың қапсырмасын жоғары қайырып, жылдам қысқыш гайканы сағат тілінің бағытына қарсы күштеп бұраңыз. Ешқашан қатты бекемделген жылдам қысқыш гайканы құралдың көмегімен босатпаңыз, оның орнына екі саңылаулы гайка кілтін пайдаланыңыз.
Тірек фланеці мен ажарлағыш/кескіш дискіні орнатқаннан кейін, ажарлау шпинделі ирек оймасының ұзындығы кемінде 4 мм болуы тиіс.
Ажарлағыш құралдың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз, сонда ол электр құралының шығысында шпиндельден шығып кетпейді.
M 14 ажарлау шпинделіне арналған қысқыш фланец:
Тірек фланецінде (13), ортаға келтіру буылтығының айналасында пластие бөлшек (тығыздауыш сақина) орнатылған. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін (13) ары қарай пайдаланбай тұрып, міндетті түрде ауыстыру керек.
- Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Диаметрі 100 мм ажарлағыш/кескіш диск
Қапсырмасы бар жылдам қысқыш гайканы (20) диаметрі 100 мм ажарлағыш/кескіш дискілер үшін пайдалануға кеңес берілмейді.
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда, алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы (19) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап бекітіңіз.
- Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.