Пайдалану
- Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
- Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын қараңыз.
- Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе, дайындаманы бекітіңіз.
- Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
- Электр құралды абразивті-кесу станинада пайдаланбаңыз.
- Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Егер электр құралы электростатикалы ретте зарядталса, орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр құралды іске қосу үшін (7) босату тұтқышын алға жылжытып қосқыш/өшіргішті (6) жоғарыға басыңыз.