Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз)

Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу үшін қосалқы тұтқаны (8) 12 күйге реттеуге болады.

Қосалқы тұтқаның (8) төменгі бөлігін ➊ бұрау бағытында бұрап, қосалқы тұтқаны (8) қажетті күйге қайыруға болатындай етіп алға жылжытыңыз. Содан кейін қосалқы тұтқаны (8) қайта кері тартып, төменгі бөлігін ➋ бағытында қайта бұрап бекітіңіз.

Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)

Тереңдік шектегішімен (9) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

Қосымша тұтқаның (8) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, тереңдік шектегішін (9) орнатыңыз.

Тереңдік шектегішін (9), бұрғы ұштығы мен тереңдік шектегіші (9) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.

Содан кейін қосымша тұтқаның (8) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.

Тереңдік шектегішінің (9) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет.