Пайдалануға ендіру

  • Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) тек электр құралы тоқтаған соң іске қосыңыз.

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (3) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.

Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) сол жақта төмен жылжытып, оң жақта жоғары қарай бір уақытта жылжытыңыз.

Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) сол жақта жоғары қарай жылжытып, оң жақта төмен қарай бір уақытта жылжытыңыз.

Бұрғылау және бұрау

Ауыстырып-қосқышты (2) "Бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.

Соққымен бұрғылау

Ауыстырып-қосқышты (2) "Соққымен бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.

Ауыстырып-қосқыш (2) тіреліп, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.

  • Беріліс ауыстырып-қосқышын (7) электр құрал баяу істеп тұрғанда пайдалануға болады. Алайда мұны жұмыссыз күйде, толық жүктеме немесе максималды айналымдар санында орындау мүмкін емес.

Беріліс ауыстырып-қосқышы (7) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.

Беріліс ауыстырып-қосқышы (7) тірелгенше бұралмаса, редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.

Беріліс

Позиция

Айналу жиілігі

Қолдану диапазоны

I беріліс:

Төмен

Үлкен бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге немесе бұрауға арналған.

II беріліс:

Жоғары

Шағын бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге арналған.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (6) басып тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты (6) бекіту үшін бекіту түймесін (4) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (6) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (4) құлыптанған болса, ажыратқышты (6) қысқа уақыт басып жіберіңіз.

Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралы жоқ электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және кенет айналса, электр құралы өшіп қалады.

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, екі рет басыңыз.

  • Егер KickBack Control функциясы ақаулы болса, электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр құралыңызды тек қана білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен бірге жөндетіңіз.

Жоғары реакциялық моменттерді шектеу үшін электр құрал артық жүктеме ажыратқышымен (анти-ротациялық) жабдықталған.

  • Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
  • Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.

Ажыратқышты (6) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп реттеуге болады.

Ажыратқышты (6) жай басу төмен айналымдар/қағулар санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны көбейеді.

Айналымдар санын таңдайтын реттеуші (5) арқылы қажетті айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу кезінде реттеуге болады.

Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Ажыратқыш (6) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі мен құрал бекіткіші бұғатталады.

Бұл электр құралын бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.