Кесу тереңдігін орнату
- Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы өшірулі кезде орындау керек.
Фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеу үшін (D және E суреттерін қараңыз) келесідей әрекет етіңіз:
- Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойыңыз.
- Дәлдеп реттеу жүрісін айналмалы тұтқа (25) көмегімен ортаға орнатыңыз. Ол үшін айналмалы реттегішті (25) таңбаламалар (19) суретте көрсетілгендей сәйкес келгенше бұраңыз. Сонан соң шкаланы (24) 0 күйіне бұраңыз.
- Сатылы тіректі (9) ең төменгі деңгейге орнатыңыз; сатылы тірек шерту дыбысымен тіреледі.
- Тереңдік шектегішіндегі (14) бұранданы (15) тереңдік шектегіші (14) еркін жылжитындай етіп босатыңыз.
- Құлыптан босату иінтірегін (23) артқа итеріп, жоғарғы фрезаны баяу төмен жүргізіңіз, фреза (5) дайындама бетіне тиюі тиіс. Құлыптан босату иінтірегінің позициясын бекіту үшін оны (23) қайта босатыңыз.
- Тереңдік шектегішін (14) сатылы тіректе (9) тұрғанша төмен қарай басыңыз.
GOF 1250 LCE: сандық тереңдік индикаторын ажыратқыш (18) арқылы қосыңыз. (16) түймесін басып, тереңдік шектегішінің (14) нөлдік нүктесін орнатыңыз.
GOF 1250 CE: көрсеткіш белгісі бар жапқышты (27) фрезерлеу тереңдігінің шкаласында (26) 0 күйіне орнатыңыз. - Тереңдік шектегішін (14) қалаулы фрезерлеу тереңдігіне орнатып, тереңдік шектегішіндегі (14) бұранданы (15) тартыңыз.
GOF 1250 CE: көрсеткіш белгісі бар жапқыштың (27) енді жылжымайтындығына көз жеткізіңіз. - Құлыптан босату иінтірегін (23) басып, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге келтіріңіз.
Тереңірек фрезерлеу үшін әрқайсысының фрезерлеу тереңдігін төменірек орнатып, бірнеше рет орындап өту керек. Сатылы тірек (9) көмегімен фрезерлеу процесін бірнеше сатыға бөлуге болады. Ол үшін фрезерлеу тереңдігін сатылы тіректің ең төменгі сатысымен орнатып, бірінші жұмыс берілістері үшін жоғарырақ сатылар таңдаңыз. Сатылар арасындағы қашықтықты дәлдеп реттеу бұрандаларын (10) айналдыру арқылы өзгертуге болады.
Сынақ жүрістен кейін фрезерлеу тереңдігін айналмалы реттегішті (25) бұрау арқылы қажетті өлшемге дәлдеп реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін реттегішті сағат тілінің бағытымен, ал фрезерлеу тереңдігін азайту үшін реттегішті сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Шкала (24) бағдарлау үшін пайдаланылады. Бір айналым қондырғының 2,0 мм жүрісіне тең, шкаланың (24) астыңғы жиегіндегі бір бөлік қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең. Максималды реттеу жүрісі ±8 мм құрайды.
Мысал: қажетті фрезерлеу тереңдігі 10,0 мм болуы керек, сынақ фрезерлеу кезінде 9,6 мм шамасындағы фрезерлеу тереңдігі алынды.
- Шкаланы (24) 0 мәніне бұраңыз.
- Айналмалы тұтқаны (25) 0,4 мм/4 бөлік шамасына (іс жүзіндегі және белгіленген мән арасындағы айырмашылық) сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
- Сынақ фрезерлеуді жалғастыру арқылы таңдалған фрезерлеу тереңдігін тексеріңіз.
GOF 1250 CE: фрезерлеу тереңдігін реттегеннен кейін жапқыштың (27) күйін тереңдік шектегішінде (14) одан ары өзгертпеңіз, сонда шкаладағы (26) ағымдағы фрезерлеу тереңдігін оқу мүмкін болады.
GOF 1250 LCE: ағымдағы фрезерлеу тереңдігі дисплейде (21) көрсетіледі.