Қолданысқа енгізу

  • Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз. Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
  • Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара дискісінен алшақ ұстаңыз.
  • Манипулятор алдында қолыңызды айқастырмаңыз.

  • Іске қосу үшін ажыратқышты (17) басып тұрыңыз.

Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (17) бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде басып тұру қажет.

Бекіту тұтқышы (1) басылғанда ғана манипуляторды төмен жылжыту мүмкін болады.

  • Сондықтан аралау үшін ажыратқышты тартуға қоса бекіткіш иінтіректі (1) де басу керек.

Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады.

  • Өшіру үшін ажыратқышты (17) жіберіңіз.