Техникалық қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.

Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет (мысалы, сүзгіде зақымдардың бар-жоғын, сорғыштың саңылаусыздығын және бақылау құрылғыларының ақаусыз жұмысын тексеру).

  • Денсаулыққа зиянды заттектермен жанасқан болуы мүмкін барлық бөлшектерді ластанған деп есептеңіз.
  • Сорғышты денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтан шығармас бұрын оның сыртын мұқият шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз.
  • Өзіңіз бен басқа адамдар үшін қауіп төнбеген жағдайда ғана сорғышты тазалаңыз, бөлшектеңіз және оған техникалық қызмет көрсетіңіз. Техникалық қызмет көрсету және тазалау кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыстарды жақсы желдетілген жерде өткізіңіз.
  • Сорғышты бөлшектемес бұрын алдымен оның сыртын тазалап шығыңыз.
  • Шаңсорғыштың тиісінше тазалау мүмкін болмайтын кез келген бөлшектерін өткізбейтін қаптарға салып кәдеге жаратыңыз. Бұл ретте осындай қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қолданыстағы ережелерді сақтаңыз.
  • Жұмыстарды аяқтағаннан кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалап шығыңыз.

Контейнерді (7) стандартты ысқаланбайтын тазалау құралымен тазалап кептіріңіз.

Шаң ыдысын жүйелік ретте босату және сүзгіні тазалау оптималды сору қуатын қамтамасыз етеді. Егер сору қуаты жетілмесе шаңсорғышты қызмет көрсету шеберханасына апару керек.

Алғашқы сүзгіні тазалау

  • Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) ашыңыз (C суретін қараңыз).
  • Алдын ала сүзгіні (22) тұтқасынан (28) ұстап алып, контейнерден (7) шығарыңыз.
  • (22) алғашқы сүзгіні сай қоқыс контейнерінің жоғарысында қағыңыз.
  • Алдын ала сүзгіні (22), көрсеткіні шланг қысқышына (3) қаратып, контейнерге (7) енгізіңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) орнатып құлыптарды (9) жабыңыз.

Бас сүзгіні тазалау

  • Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) ашыңыз (C суретін қараңыз).
  • Сүзгі ұстағышын (29) айналу бағытымен тірелгенше бұрап, сүзгі ұстағышын басты сүзгімен (20) бірге шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінен (10) шығарып алыңыз.
  • Бас сүзгінің пластиналарын (20) жұмсақ қылшықпен тазалаңыз.
    немесе
    Зақымдалған бас сүзгіні (20) алмастырыңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (29) тірелгенше бас сүзгімен (20) бірге сүзгі қорабы (30) арқылы шығарып сүзгі ұстағышын (29) тірелгенше бұрау бағытында бұраңыз.
  • Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) орнатып құлыптарды (9) жабыңыз.

Ылғалды сүзгіні тазалау

Ылғал шаңсорудан соң зең басудың алдын алу үшін:

  • Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) ашыңыз (C суретін қараңыз).
  • Сорғыштың жоғарғы бөлігін (10) жақсы кептіріңіз.
  • (21) ылғалды сүзгісін (30) сүзгі себетінен тартып қойыңыз.
  • (21) ылғалды сүзгісін ағатын су астында шайып, сосын жақсы құрғатыңыз.
  • Ылғалды сүзгіні (21) сүзгі қорабы (30) арқылы салыңыз.
  • Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) орнатып құлыптарды (9) жабыңыз.