Айна, магнит немесе ілгекті орнату (E суретін қараңыз)

Айнаны (29), ілгекті (28) немесе магнитті (27) көмекші құрал ретінде камера бастиегіне (2) монтаждауға болады.

3 көмекші құралдың бірін, суретте көрсетілгендей, камера бастиегіне (2) тірелгенше енгізіңіз.

Нұсқау: магнит (27) және ілгек (28) тек бос тұрған, кіші және жеңіл заттарды жылжыту немесе алып тастау үшін жарамды. Тарту күші тым қатты болғанда, тексеру камерасы немесе көмекші құрал зақымдалуы мүмкін.