Іске қосу

Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.

Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.

Қосу/өшіру

Бұғаттау тетігі бар ауыстырып-қосқыш нұсқасы

(GWS 18-125 L / GWS 18-125 SL / GWS 18-125 L Inox / GWS 18-150 L)

Электр құралын іске қосу үшін құлыптан босату иінтірегін (4) алға жылжытыңыз ➊, содан кейін ажыратқышты (5) басып ➋, сол күйде ұстап тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты (5) бұғаттау үшін ажыратқышты (5) одан ары алға жылжытыңыз ➌.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (5) қысқаша басып ➋, содан кейін жіберіңіз ➍.

Бұғаттау тетігі жоқ ауыстырып-қосқыш нұсқасы

(GWS 18-125 PL / GWS 18-125 SPL / GWS 18-125 PL Inox)

Электр құралын іске қосу үшін құлыптан босату иінтірегін (4) алға жылжытыңыз ➊. Содан кейін оны басып, сол күйде ұстап тұрыңыз ➌.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз ➍.