Пайдалануға ендіру

Электр құралын қосу үшін алдымен  белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты (2) басыңыз және оны ажыратыңыз. Содан кейін ажыратқышты (3) басып тұрыңыз.

Жұмыс шамы косқыш/өшіргішті (3) жай немесе толық басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.

  • Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) жіберіңіз. Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (2) іске қосу үшін  белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты басыңыз.

Қосқышты/өшіргішті (3) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (3) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны асады.

Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (1) көмегімен алдын ала таңдауға немесе жұмыс кезінде өзгертуге болады.

Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Жүріс санын мына жағдайларда төмендетуге кеңес беріледі:

  • ара төсемін дәлірек орналастыру үшін ара төсемін дайындамаға қойған кезде,
  • материалдың балқуын болдырмау үшін пластик пен алюминийді аралау кезінде.

Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.

Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген  аккумулятор температурасы аралығы өтілсе айналымдар саны қысқарып, электр құралы өшеді. Төменделген айналымдар санында электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға жеткеннен соң немесе төменделген жүктелуде толық айналымдар санымен жұмыс істейді. Автоматты өшуде электр құралын автоматты ретте өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да, электр құралын қайта қосыңыз.