Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың (3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
- Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS plus құралын алмастыру
SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (B1 суретін қараңыз)
SDS plus бұрғылау патроны (1) алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай әрі жайлы түрде алмастыруға мүмкіндік береді.
- Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (2) автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
- Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп шығыңыз.
SDS plus алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан еркін қозғалады. Сол себептен бос жүріс күйінде радиалды ауытқу пайда болады. Бұл саңылаудың дәлдігіне әсер етпейді, себебі бұрғылау кезінде бұрғы өз бетімен ортаға келтіріледі.
SDS plus алмалы-салмалы аспабын шығару (B2 суретін қараңыз)
- Бекіткіш бұранданы (4) артынан жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.