Қорғаныш құрылғыны орнату
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Қорғағыш қаптаманы (7) электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) басып ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы қорғашғы қаптаманы (7) басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (7) күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы (7) қажет күйге бұрыңыз.
- Қорғаныш қаптаманы (7) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (7) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз.
- Қорғағыш қаптаманы (7) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
- Керек-жарақтың айналу бағытында қорғаныш қаптаманы (7) тек құлыптан босату иінтірегін (1) пайдалану арқылы бұрауға болады! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (7) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.
- Кесу үшін әрдайым мыналарды пайдаланыңыз: кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (8) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7) кесуге арналған қаптамамен (11).
- Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қорғаныш қаптама (8) ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (7) сияқты монтаждалады.
Металдан жасалған кесуге арналған қаптама
Металдан жасалған кесуге арналған қаптаманы (11) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (7) монтаждаңыз (A суретін қараңыз): қапсырманы кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (11) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (7)auf енгізіңіз (➋). Қапсырманы қорғаныш қаптамаға (7) қатты басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) қапсырмадағы түймені басып (➊), кері қайырыңыз (➋). Қаптаманы (11) қорғаныш қаптамадан (7) тартып алыңыз (➌).
Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама
Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды (11) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (7) орнатыңыз (C суретін қараңыз). Жабын (11) қорғаныш қаптамада (7) шерту дыбысымен және көрінетіндей тіреледі.
Бөлшектеу үшін (D суретін қараңыз) қорғаныш қаптамадағы (7) (➊) жабынды (11) сол немесе оң жаққа босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋).
Қосымша тұтқаны (5)/(6) жұмыс тәсіліне байланысты редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап бекітіңіз.
- Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге пайдаланыңыз: (5)/(6).
- Қосымша тұтқа (5)/(6) зақымдалған жағдайда, электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаға (5)/(6) ешқандай өзгерістер жасамаңыз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа (6) дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.