Пайдаланушы интерфейсі (B суретін қараңыз)

Пайдаланушы интерфейсі (7) электр құралының айналу жиілігін және жұмыс режимін алдын ала таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.

Күй көрсеткіштері

Электр құралының күй индикаторы (11)

Мағынасы/себебі

Шешімі

Жасыл

OK күйі

Сары

Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

Қызыл түспен жанып тұр

Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған

Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау

Көк түспен жыпылықтайды

Электр құралы ақырғы мобильді құрылғымен байланыста немесе реттеулер көшірілуде