Аралау дискісін орнату/ауыстыру
- Электр құралында барлық жұмыстардан алдын аккумуляторды шығарыңыз.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
- Тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықта және электр құралында көрсетілген деректерге сәйкес келетін және EN 847-1:2017 стандарты бойынша тексерілген және сәйкесінше белгіленген ара дискілерін пайдаланыңыз.
- Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген айналымдар саны кемінде электр құралында белгіленген максималдық айналымдар санына сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
- Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде пайдаланбаңыз.
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) басып, ұстап тұрыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) ара шпинделі тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
- Алты қырлы дөңбек кілтпен (5) қысқыш бұрандаманы (25) ➊ бағытында бұрап шығарыңыз.
- Маятниктік қорғағыш қаптаманы (21) артқа тартып, берік ұстаңыз.
- Қысқыш фланецті (24) және аралау дискісін (23) шпиндельден (20) алыңыз.
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Аралау дискісін (23) және барлық бекіту бөлшектерін тазалаңыз.
- Маятниктік қорғағыш қаптаманы (21) артқа тартып, берік ұстаңыз.
- Аралау дискісін (23) тірек фланеціне (22) орнатыңыз. Тістің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) мен қорғайтын қорғаныс қаптамасындағы (21) айналдыру көрсеткісінің бағыты бірдей болуы тиіс.
- Қысқыш фланец (24) пен бұранданы қысқыш бұрандаға (25) айналдыру бағыты ➋ бойынша салыңыз. Қысқыш фланецтің (22) және тірек фланецтің (24) орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) басып, ұстап тұрыңыз.
- Қысқыш бұранданы алты қырлы кілт (5) арқылы айналдыру бағыты бойынша (25) ➋ бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес келеді.