Құралды алмастыру

Алмалы-салмалы аспапты орнату (A суретін қараңыз)

Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (1) тірелгенше кіргізіңіз.
Бұрауыш биттерді (13) шар тәрізді ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (14) арқылы енгізуге болады.

НҰСҚАУ: алмалы-салмалы аспапты енгізу қиынға соқса, құлыптау төлкесін алға тартыңыз да, алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне тірелгенше кіргізіңіз.

НҰСҚАУ: алмалы-салмалы аспаптың тірелгеніне және берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз

Бекіту төлкесін (2) алдынға жылжытып алмалы-салмалы аспапты шешіңіз.