Пайдалану нұсқаулары
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
- Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес.
- Жұмыс істеген кезде қолғап киіңіз. Кесілген метал бөліктерінің дене жағына бүгілмеуіне көз жеткізіңіз. Кесілген табақта өткір қыр пайда болып, жарақаттануыңыз мүмкін. Керек болса бүгілетін метал бөліктеріне қолғап киіп, денеден ары басыңыз.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз.
Электр құралын табақ металл бетіне 80°−90° бұрышында еңкейтіп ұстаңыз және бүйірінен қисайтпаңыз.
Электр құралын кесу бағытымен біркелкі және азғантай қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімін айтарлықтай қысқартады және электр құралын зақымдауы мүмкін.
Қисық сызықтарды кесу кезінде электр құралын бүйірінен қисайтпаңыз және азғантай беріліспен ғана жұмыс істеңіз.
a пышақ аралығы (жүздер арасындағы ауа саңылауы) өңделетін табақ металдың dmax қалыңдығына байланысты болады. |
a пышақ аралығы макс. табақ металл қалындығының 10 % құрауы тиіс (мысалы, 1 мм табақ металл қалындығында 0,1 мм пышақ аралығы).
Жұмсақ немесе тұтқыр материалдарда a пышақ аралығын қысқарту, ал қатты немесе сынғыш материалдарда үлкейту керек.
Астыңғы пышақтың (10) бекіткіш бұрандасын босатыңыз. Реттегіш бұранданың (9) көмегімен қажетті а пышақ аралығын реттеңіз. Жоғарғы пышақ (7) пен астыңғы пышақ (8) бір-біріне тимеуі тиіс.
Аралықты әдеттегі реттеу үлгісімен тексеріп шығыңыз. Астыңғы пышақтың бекіткіш бұрандасын (10) 3–4 Нм шамасындағы тарту моментімен қайтадан бұрап бекітіңіз.
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Артық жүктеме түскенде немесе рұқсат етілген аккумулятор температурасының диапазонынан тыс болғанда, жүріс саны қысқарады немесе электр құралы өшеді. Жүріс саны қысқарғанда, электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға жеткеннен кейін толық жүріс санымен жұмыс істейді. Автоматты түрде өшкен жағдайда электр құралын өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да, электр құралын қайтадан қосыңыз.