Жеткізілім жиынтығы

Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:

  • Ара дискісі (26) және сына (7) орнатылған үстелдік дискілі ара
  • Бұрыштық тірек (3)
  • Профильдік тіреуіш (28)
  • "Профильдік тіреуіш" бекіткіш жинағы (44) (бағыттауыш пластина, домалатпа гайка, бұранда, салмалы шайба)
  • Параллель тірек (9)
  • Қосымша параллель тірек (41)
  • "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (42) (3 бекіткіш бұранда, 3 салмалы шайба, 3 қатпарлы гайка)
  • Қорғаныш қаптама (6)
  • Алты қырлы дөңбек кілт (21)
  • Алты қырлы дөңбек кілт (20)
  • Шеңберлік кілт (22)
  • Жылжыту таяғы (23)
  • Үстел ендірмесі(25)
  • Сору адаптері (32)

Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін және қысылмағанын немесе бөліктердің зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.