Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (6) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) сол жағынан төмен жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) сол жағынан жоғары қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.
Реттеу төлкесімен (3) бұрауыш бастиектің дайындамаға бұрап кіргізу X тереңдігін әр айналымда бекітілетін 8 деңгей бойынша алдын ала реттеуге болады. Әрбір деңгей бұрап кіргізу тереңдігін 0,25 мм-ге өзгертеді.
Реттеу төлкесін (3) сағат тілінің бағытымен айналдыру бұрап кіргізу тереңдігін арттырады, ал сағат тілінің бағытына қарсы айналдыру бұрап кіргізу тереңдігін азайтады.
Қажетті тереңдікке сынақ бұрау әрекеті арқылы қол жеткізуге болады.