Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Дыбыс шығару мәндері EN 60745-2-3 бойынша есептелген.
A-мен белгіленген құрылғының шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 93 дБ (A); дыбыс қуаты 104 дБ (A). Өлшеу дәлсіздігі K = 3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын кийіңіз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN 60745-2-3 бойынша есептелген:
Үстіңгі бетті ажарлау (бастапқы ажарлау):
ah = 5,5 м/с2, K = 1,5 м/с2,
Ажарлағыш дискімен ажарлау:
ah = 2,5 м/с2, K = 1,5 м/с2.
Осы ескертпелерде берілген діріл көлемі нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттыруы мүмкін.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.