Керек-жарақты монтаждау
Үстел ұзартқышын тіреуге арналған аяқ (H суретін қараңыз)
Жұмыс үстелін ұзын және ауыр дайындамаларды өңдеу кезінде тұрақтандыру үшін үстел ұзартқышын (2) аяқтың (13) көмегімен тіреуге болады.
Аяқты (13) жұмыс үстелінің сол немесе оң жағына бекітуге болады.
- Бекіткіш тетікті (3) босатып, тіреу қажет үстел ұзартқышын (2) сәл сыртқа тартыңыз.
- Аяқтың (13) бұранда бастиегін үстел ұзартқышының (2) астыңғы ойығына кіргізіңіз.
- Аяқты (13) бұрап бекітіңіз.
- Аяқтың (13) биіктігін реттеу тетігін, жұмыс үстелі қайтадан тегіс тураланғанша, бұрап кіргізіңіз немесе шығарыңыз.
Пайдалану орнын жылдам ауыстыруға арналған тасымалдау дөңгелектері мен шектегіші (I1−I2 суреттерін қараңыз)
Тасымалдау дөңгелектері (12) пайдаланушыға жұмыс үстелін монтаждалған стационарлық араны шығарып алу қажетінсіз басқа пайдалану орнына тасымалдауға мүмкіндік береді.
Тасымалдау дөңгелектерін (12) жұмыс үстелінің сол немесе оң жағына бекітуге болады.
- Монтаждау үшін (20) бекіткіш жинағын пайдаланыңыз.
- Жұмыс үстелін, жиналған аяқтарын жоғары қаратып, жерге қойыңыз.
- Тасымалдау дөңгелектерін төрт бұранда мен гайканың көмегімен жұмыс үстелінің қажетті жеріне бұрап бекітіңіз.
Бұл мақсат үшін алты қырлы дөңбек кілт (14) қолданылады. - Жұмыс үстелін жұмыс күйіне бұраңыз.
- Жұмыс үстелінің тасымалдау дөңгелектері бекітілген жағында бекіткіш тетікті (3) босатып, үстел ұзартқышын (2) сәл сыртқа тартыңыз.
- Тасымалдау шектегішін (11) жұмыс үстелінің жоғарғы ойығына кіргізіп, тасымалдау шектегішін фиксаторлар жинағына (4) дейін жылжытыңыз.
- Шектегіштегі алты қырлы бұранданы жеткізілім жинағындағы дөңбек кілттің (14) көмегімен мықтап тартыңыз.
Енді тасымалдау кезінде фиксаторлар жинағы монтаждалған электр құралымен бірге сырғымайды.