Қорғағыш аспапты орнату

Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Қорғағыш қаптаманы (11) электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) басып ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы қорғашғы қаптаманы (11) басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (11) күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы (11) қажет күйге бұрыңыз.

  • Қорғаныш қаптаманы (11) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (11) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз.
  • Қорғағыш қаптаманы (11)оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
  • Қорғағыш қаптама(11) бұғаттаудан шығару иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.

Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (11) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.

Бояу, лак пен пластмассаны қатты металды табақты дискімен (14) бірге шаңсыз ажарлау үшін сорғыш қаптаманы (10) пайдалануға болады. Сорғыш қаптама (10) металды өңдеуге арналмаған.

Сорғыш қаптамаға (10) сәйкес келетін Bosch шаң сорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы бекіткіш саңылауына енгізіңіз.

  • Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы пайдаланыңыз (12).
  • Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.

Қорғағыш қаптама (12) сонымен бірге тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (11) ретінд де орнатылады.

Бағыттауыштары (32) бар қорғағыш қаптама тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (11) ретінде де орнатылады.

  • Резеңке ажарлау тәрелкесімен (24) немесе тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін әрдайым қол қорғанысын (23) киіп жүріңіз.

Қол қорғанысын (23) қосымша тұтқамен (8)/(9) бекітіңіз.

Қосымша тұтқаны (8)/(9) жұмыс тәсіліне байланысты редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап бекітіңіз.

  • Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге пайдаланыңыз: (8)/(9).
  • Қосымша тұтқа (8)/(9) зақымдалған жағдайда, электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаға (8)/(9) ешқандай өзгерістер жасамаңыз.

Діріл басқыш қосымша тұтқа (9) дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.