Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (20) электр құралын шаңсоруға қосу алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (20) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (1) кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (20) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға қарай жанасудан қорғаныстан (1) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (21) тіреу тақтасының (12) ойығына орнатыңыз.
Шаңсорғыш шлангын (22) (керек-жарақ) жоңқаларды аспирациялық келте құбырға (21) қосыңыз. Сорғыш шлангын (22) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан сақтайтын пластинаны (19) орнатыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.