Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

‎3 601 M30 403
‎3 601 M30 432
‎3 601 M30 462
‎3 601 M30 473

‎3 601 M30 443
‎3 601 M30 4B3

Ара дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі тиіс. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және саңылаулардың диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз.

Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сәйкес келуі тиіс.

a Ара дискісінің диаметрі ең көбі 254 мм болуы тиіс.

b Сынаның қалыңдығы 2,3 мм құрайды.

c Тістердің кесу бағыты (ара дискісінің көрсеткі бағыты) сынадағы көрсеткі бағытына сай болуы тиіс.

d Ара дискісін алмастыру кезінде кесік ені 2,4 мм-ден кем болмағанына және ара дискісінің қалыңдығы 2,2 мм-ден артық болмағанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе сына дайындамаға ілінуі мүмкін.

Сынаның қалыңдығы 2,3 мм құрайды.

Максималды ықтимал дайындама биіктігі 79 мм құрайды.

Ара дискісін түсіруге (тасымалдау күйі) және көтеруге (жұмыс күйі) арналған қос иіннің айналу бағытын көрсетеді.

Ара дискісін бекіту үшін және тік еңіс бұрышын реттеген кезде бұғаттау иінтірегінің күйін көрсетеді (ара дискісі қайырылады).

Бұрыштық тіректі жылжымалы үстелде бекіту/босатуға арналған домалатпа бұранданың айналу бағыты.

Қажет болса, электр құралының көрсетілген жерлерін майлаңыз.

II қорғаныс класындағы электр құралдары нығайтылған немесе қос оқшауланған.

Өндіруші CE белгісі арқылы электр құралының қолданыстағы ЕU директиваларына сәйкес келетіндігін растайды.