Пайдалану нұсқаулары
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Жақсы кесік сапасына қол жеткізу үшін электр құралын біркелкі және жеңіл итеру қозғалысымен кесік бағытымен жүргізіңіз. Тым қатты итеру нәтижесінде алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімі қысқарады және электр құралы зақымдалуы мүмкін.
Әрдайым біркелкі беру жылдамдығымен жұмыс істеңіз және ара дискісінің айналу жиілігі тұрақты болуын қамтамасыз етіңіз. Ара дискісі тістерінің қатты қызып кетуін болдырмау үшін беру жылдамдығының көтерілуіне (мысалы, ылғалды сүректі, қысыммен өңделген сүректі немесе бұтақтарды өңдеу кезінде) және оның салдарынан айналу жиілігінің төмендеуіне жол бермеңіз.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау процесі бастағанда немесе жалғастырғанда, ара төсемін ара саңылауының ортасына келтіріп, ара тістері дайындамаға ілінбегеніне көз жеткізіңіз. Осылайша кері соққыны немесе ара төсемінің дайындамадан шығып кетуін болдырмайсыз.
GKS 18V-68 G
Бағыттауыш шина (38) көмегімен тік кесіктерді орындауға болады.
Тұтқыр бағыттауыш шина сырғануының алдын алып, дайындама бетін қорғайды. Бағыттауыш шина қаптамасы электр құралының оңай жылжуына мүмкіндік береді.
Дискілі араны тікелей бағыттауыш шинаға (38) орнатыңыз. Бағыттауыш шинаны (38) арнайы кергіш құрылғылармен, мысалы, қысқаштың көмегімен бағыттауыш шинаның (38) жіңішке жағы ара дискісіне қарап тұратындай етіп дайындамаға бекітіңіз.
Бағыттауыш шина (38) араланатын дайындама шетінен шықпауы тиіс.
Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Жалғағыш бөліктің (40) көмегімен екі бағыттауыш шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге асырылады.
(41) ойығы Bosch және Mafell ұсынған бағыттауыш шина жүйелеріне арналған.
(42) ойығы Festool және Makita ұсынған бағыттауыш шина жүйелеріне арналған.