Бұрғылау патронын алмастыру
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару
GBH 240
SDS plus жоқ құралдармен (мысалы, цилиндрлік білігі бар бұрғылар) жұмыс істеу үшін тиісті бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (тісті тоғыны бар немесе жылдам қысқыш бұрғылау патроны).
Аустырмалы бұрғылау патронын шығару/орнату
GBH 240 F
Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (C суретін қараңыз)
- Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау сақинасын (6) артқа тартып, оны осы күйде ұстап тұрыңыз және SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алға тартып шығарыңыз.
- Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін кірден тазалап шығыңыз.
Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (D суретін қараңыз)
- Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
- SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау патронын, шерту дыбысы анық естілгенше, бұрғылау патронының бекіткішіне (19) бұрап кіргізіңіз.
- Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.