Saugfix менен шаңсору
Сорғыш құрылғыны орнату (I суретін қараңыз)
Шаң сору үшін Saugfix қажет болады. Бұрғылау кезінде Saugfix артқа серпіледі, осылайша Saugfix бастиегі әрдайым түбінде болады.
- Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (12) басып, тереңдік шектегішін (13) шығарып алыңыз. (12) түймесін қайтадан басып, Saugfix тетігін алға қарай қосымша тұтқаға (14) орнатыңыз.
- Сорғыш шлангіні (диаметрі 19 мм) Saugfix кіріс саңылауына (22) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Saugfix арқылы бұрғылау тереңдігін реттеу (J суретін қараңыз)
Қажетті бұрғылау тереңдігін X Saugfix орнатылған кезде де реттеуге болады.
- SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал бекіткішіне (3) тірелгенше жылжытыңыз. Әйтпесе SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
- Saugfix тетігіндегі қатпарлы бұранданы (26) бұрап босатыңыз.
- Электр құралын қоспай, жұмыс бетіне тұрақты етіп орнатыңыз. Бұл ретте SDS plus алмалы-салмалы аспабы бетке қонуы керек.
- Saugfix бағыттауыш құбырын (27) ұстағышында, Saugfix бастиегі бұрғыланатын бетте орналасатындай етіп жылжытыңыз. Телескоптық құбырдағы (25) шкаланың көп бөлігі көрінуі үшін, бағыттауыш құбырды (27) телескоптық құбырда (25) одан ары жылжытпаңыз.
- Қатпарлы бұранданы (26) қайтадан бұрап бекітіңіз. Saugfix тереңдік шектегішіндегі қысқыш бұранданы (23) бұрап босатыңыз.
- Телескоптық құбырдағы (25) тереңдік шектегішін (24) суретте көрсетілген X арақашықтығы қажетті бұрғылау тереңдігіне сәйкес болатындай етіп жылжытыңыз.
- Қысқыш бұранданы (23) осы күйде бұрап бекітіңіз.