Ажарлауыш құралдарын орнату

Тегістеу шпинделін (21) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.

Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (2) басып, шпиндельді бекітіңіз.

Диаметрі 115 мм/125 мм ажарлағыш/кескіш диск

Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда, алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).

Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.

Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін жылдам қысқыш гайканы (19) басқа құралсыз пайдаланыңыз.

Жылдам қысқыш гайканы (19) тек макисмалды диаметрі 125 мм құрайтын ажарлағыш/кескіш дискілер үшін пайдаланыңыз.

Тегістеу шпинделін (2) бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін басыңыз. Жылдам тартқыш сомынды (19) бекіту үшін жылдам тартқыш сомын ілмегін жоғарыға қайырып жылдам тартқыш сомынды сағат тлімен қатты бұраңыз. Ілмекті жылдам тартқыш сомынды бекіту үшін төменге қайырыңыз. Диск шетінде тартып қою жетерлік емес.

Тиісті ретте бекітілген, зақымдалмаған жылдам тартқыш сомынды (19) қолмен босатуға болады. Ол үшін жылдам тартқыш сомынның ілмегін жоғарыға қайырып жылдам тартқыш сомынды сағат тіліне қарсы қатты бұраңыз. Ешқашан қатты бекемделген жылдам тартқыш сомынды аспаппен босатпаңыз, екі бүйірлік тесігі бар сомын кілтін пайдаланыңыз.

Қысқыш фланец пен ажарлау/кесу дискісін орнатқаннан соң ажарлау шпинделінің бос бұранда ұзындығы кемінде 4 мм болуы тиіс.

Ажарлау аспабының қатты тұруына көз жеткізіңіз, осылай ол электр құралының шығысында шпинделден шыңып кетпейді.

M 14 ажарлау шпинделіне арналған тірек фланеці: тірек фланецінде (13) ортаға келтіретін түйіннің айналасына пластик бөлік (тығыздауыш сақина) енгізілген. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін (13) қайта пайдаланбас бұрын міндетті түрде алмастыру керек.