Батареяларды/аккумуляторларды пайдалану

Литий-иондық аккумулятор блогын (12) батареялармен/NiMH-аккумуляторларымен алмастыру үшін, литий-ионды аккумулятор блогын (12) шығарып алыңыз.

Өлшеу құралы үшін сілтілі-марганец батареяларын немесе NiMH аккумуляторларын пайдалануға кеңес беріледі.

Батареяларды немесе аккумуляторларды салыңыз.

Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.

Батарея бөлімінің қақпағын (16) енгізіп, ойыққа кіргізіңіз.

Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.