Байланыс функциялары

Жүйелік алғышарттар

Ақырғы мобильді құрылғы (планшет, смартфон)

Android 6.0 (және кейінгілері)

iOS 11 (және кейінгілері)

Өзара байланыс функцияларын пайдалану үшін алдымен ақырғы құрылғыға тән қолданбаны орнату қажет.

  • Қолданбаны қолданбалар дүкені (Apple App Store, Google Play Store) арқылы жүктеп алыңыз.
    Нұсқау: тиісті App Store пайдаланушы тіркелгісі қажет болады.

Қолданба атауы

iOS

Android

Bosch Toolbox

Қолданба атауы

Bosch BeConnected

  • Содан кейін қолданбада MyTools немесе Connectivity тармағын таңдаңыз.
  • Ақырғы мобильді құрылғыңыздың дисплейінде электр құралыңыздың ақырғы құрылғымен байланыстыру үшін барлық қалған қадамдары көрсетіледі.

Кіріктірілген Bluetooth® Low Energy Module модулі сигналды жүйелі түрде жіберіп тұрады. Қоршаған ортаға байланысты электр құралының анықталуына дейін бірнеше тарату аралығы қажет болуы мүмкін. Егер электр құралы анықталмаса, төмендегіні тексеріңіз:

  • Ақырғы мобильді құрылғыға дейінгі қашықтық тым үлкен бе?
    Ақырғы мобильді құрылғы мен электр құралының арасындағы қашықтықты қысқартыңыз.
  • Кіріктірілген Bluetooth® Low Energy Module модулінің түймелі элементі тым әлсіз немесе оның заряды бос па?
    Түймелі элементті алмастыру үшін Bosch электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Ақырғы мобильді құрылғыңызда Bluetooth® функциясын өшіріп, қайта қосыңыз.
    Электр құралының енді анықталуын тексеріңіз.

Bluetooth® Low Energy Module модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:

  • Тіркеу және дербестеу
  • Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
  • Жалпы мәліметтер мен реттеулер
  • Басқару
  • Bluetooth® тасымалдау реттеулерін Favorite жұмыс режимі үшін бейімдеу