Пайдалану нұсқаулары

Ұстағыштың (13) көмегімен өлшеу құралын тік жазықтықтарға немесе магнитке сезімтал материалдарға бекітуге болады. Төбелік қысқышпен (17) бірге өлшеу құралын биіктігі бойынша да туралауға болады.

Өлшеу құралын 1/4 дюймдік штатив бекіткішімен (11) ұстағыштың 1/4 дюймдік бұрандасына (15) орнатып, берік бұрап бекітіңіз.

Ұстағыштың (13) бекіту мүмкіндіктері:

  • әдеттегі бекіткіш бұранданың көмегімен ағаштағы бұрандалы саңылау (16) арқылы (B суретін қараңыз),
  • магниттердің (14) көмегімен магнитті материалдарға (C суретін қараңыз),
  • төбелік қысқыштың (17) көмегімен төбе планкаларына (D суретін қараңыз).
  • Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.

Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты (13) дөрекі бағыттаңыз.

Лазер нысандық тақтасы (26) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады.

Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (26) лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының артынан да көрінеді.

Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (11) штативтің (21) немесе стандартты фотоштативтің бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.

Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.

Әмбебап ұстағыштың (19) көмегімен өлшеу құралын, мысалы, тік аймақтарға немесе магнитті материалдарға бекітуге болады. Әмбебап ұстағыш едендік штатив ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының биіктік бойынша туралануын оңтайландырады.

  • Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.

Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (19) дөрекі бағыттаңыз.

Бұрама ұстағыштың (20) көмегімен өлшеу құралын 360°-қа бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары дәл бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді.

Бұрама ұстағышты (20) едендік штатив ретінде пайдалануға, өлшеу құралын тік беттерге бұрап бекітуге, өлшеу құралын магниттің (14) көмегімен металл беттерге немесе төбелік қысқышпен (17) бірге төбе планкаларына бекітуге болады.

  • Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.

Өлшеу құралын қосудан бұрын бұрама ұстағышты (20) дөрекі бағыттаңыз.

Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.

  • Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
  • Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.

Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары суреттер беттерінде берілген.