Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады:
- Қиылысу режимі: өлшеу құралы көлденең және тік лазерлік сызықты алға жібереді. Лазерлік сызықтар 90° бұрышта қиысады.
- Көлденең сызықтық жұмыс режимі: өлшеу құралы көлденең лазерлік сызықты алға жібереді.
- Тік сызықтық жұмыс режимі: өлшеу құралы тік лазерлік сызықты алға жібереді.
Өлшеу құралын тікелей қабырғада орналастырғанда, тік лазерлік сызық толық дерлік айналалық лазерлік сызықты (360° сызық) шығарады.
Жұмыс режимін ауыстыру үшін лазер жұмыс режимінің түймесін (2) лазер сәулелері қалаулы жұмыс режимінде шыққанша басыңыз.
Барлық жұмыс режимдері нивелирлеу автоматикасымен да, еңіс функциясымен да орындалуы мүмкін.