Бірқалыпты іске қосу

(GWS 24-180 JZ / GWS 24-230 JZ / GWS 24-230 PZ)

Электрондық бірқалыпты іске қосу жүйесі қосу кезіндегі айналу моментін шектеп, электр құралын бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік береді.

Нұсқау: электр құралы қосылғаннан кейін бірден толық айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл бірқалыпты іске қосу жүйесінің және қайта қосылудан қорғаныстың істен шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік қызметке жіберіңіз (мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз).