Литий-иондық аккумуляторларды зарядтау
Егер радио қабылдағыш желілік қосылым арқылы электр желісіне қосылған болса (желі режимінің индикаторы (h) күй жолағында жанып тұрады), мына аккумуляторлардың бірін зарядтауға болады: Bosch 18 В литий-иондық аккумуляторы, AMPShare серіктесінің 18 В аккумуляторы немесе Bosch 12 В литий-иондық аккумуляторы.
Аккумулятор радио қабылдағышқа салынған және радио қабылдағыш қосылған кезде, зарядтау процесі автоматты түрде басталады. Аккумулятор зарядталып жатқан кезде, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторында (j) соңғы жолақ жыпылықтап тұрады.
Аккумуляторды зарядтау режимінің қате индикаторы (i) жанса, бұл ішкі қатенің орын алғанын білдіреді.
- Аккумулятор жұмысқа жарамды болғанына, толықтай салынғанына және ластанбағанына көз жеткізіңіз.
- Радио қабылдағыштың желілік ашасын суырып, қайтадан салыңыз.
- Мәзір реттеулерін <Factory Reset> (Зауыттық реттеулерге қайтару) арқылы бастапқы күйге қайтарыңыз.
- Аккумулятор температурасы 0°C және 45°C аралығындағы зарядтау температураларының диапазонынан тыс болғанда, зарядтау процесі тоқтатылады.
- Мәселе шешілмесе, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
Нұсқау: литий-иондық аккумуляторларды зарядтау процесі, радио қабылдағыш жоғарырақ дыбыс деңгейінде пайдаланылған және дәл сол уақытта USB порты арқылы сыртқы құрылғы зарядталған кезде де тоқтап қалуы мүмкін. Литий-иондық аккумуляторларды зарядтау процесін бастау үшін не дыбыс деңгейін төмендетіңіз, не USB порты арқылы зарядтауды аяқтаңыз.