Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын ток көзіне жалғау керек.
- Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Аралау үстелін (10) 0° ойығына (45) дейін бұраңыз. Иінтірек (12) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп, қажетінше жаңадан реттеу керек.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.
Тексеру (O1 суретін қараңыз)
- Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
- Манипуляторды қол тұтқасымен (4) баяу төмен қарай бағыттаңыз.
- Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
- Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
- Дайындаманы қысып қойыңыз.
- Лазер сәулесін ажыратқыш (19) арқылы іске қосылудан қорғайтын құлыпты (5) баспай қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде орналасуы керек.
Реттеу (O2 суретін қараңыз)
- Реттегіш бұранданы (47) жинақтағы арнайы бұрауышпен лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша дайындамадағы кесік сызығына параллель болғанша бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.