Жеткізу көлемі
Пайдалану нұсқаулығында берілген жеткізу көлемінің сипаттамасына назар аударыңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
- Ара дискісі орнатылған бүйірлік және бұрыштық ара
Нұсқау: Bosch компаниясы электр құралдарын ара дискісінсіз де сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында ара дискісінің бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. - Тек ара дискісінсіз жеткізілген жағдайда: қысқыш фланец (38) және ішкі қысқыш фланец (40)
- Бұрандалы қысқыш (15)
- Алты қырлы дөңбек кілт (28)
- Ұзындық шектегіші (35)
- Шаң жинағыш қап (1)
- Дайындама тіреуіші (9) (2x)
Нұсқау: Электр құралын зақымданулар барлығына тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.